Алматыда карантин режимі қашан аяқталады?

1203

Шаһар басшысының орынбасары карантиннің аяталуына байланысты төрт түрлі нұсқа атады.  

Алматыда карантин режимі қашан аяқталады?

"Алматы төрт жағдайда карантин талаптары алынады. Ол үшін індет жұқтырғандар толық сауығуы керек. Яғни, соңғы адам сауыққанда. Екіншіден, коронавирус науқаспен бірге көз жұмғанда. Өкінішке орай мұндай да болады. Үшіншіден, індет сырқы ортада жойылып кетсе. Ал соңғысы – инфекцияға қарсы вакцина ойлап табылса. Біз мұны асыға күтудеміз", – деді шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында.

Еске сала кетсек, 25 мамырдан бастап мегаполистің барлық тұрғындарына бетперде тағу мінеттелді. Бұл талапты бұзғандарға 5 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу