Алматыда карантин шараларының сақталуын 40 мониторингтік топ бақылауда

706

Бір айда 600-ден аса ереже бұзу фактісі тіркелген. 

Алматыда карантин шараларының сақталуын 40 мониторингтік топ бақылауда

Алматының мониторингтік топ өкілдері карантин шараларының бұзылуын анықтауды жалғастыруда. 20-сәуірден 21-сәуірге  қараған түні белгіленген шектеу шараларының сақталмауына қатысты 14 факті тіркелді, деп хабарлады inbusiness.kz. 

Оның ішінде мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендер, караоке мен компьютерлік клуб бар. Олардың арасында: 
-  Бостандық ауданында "Мята" лаундж бары қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған;
-  Медеу ауданында "Blak Room" компьютерлік клубы жұмыс істеп тұрған, онда 60-қа жуық адам болған.

Шаһарда 20 наурыз бен 21 сәуір аралығында шектеу шаралары 636 рет бұзушылған, соның ішінде:
• Алатау ауданы бойынша – 19 ;
• Алмалы ауданы бойынша – 135;
• Әуезов ауданы бойынша – 103;
• Бостандық ауданы бойынша – 100;
• Жетісу ауданы бойынша – 49;
• Медеу ауданы бойынша - 98;
• Наурызбай ауданы бойынша – 42;
• Түрксіб ауданы бойынша – 75.
 
Анықталған нысандардың арасында 437 - мейрамхана, дәмханалар және дүкендер, 86 - компьютерлік клуб, 14 - бильярд клубы, 41 - СПА-салон, 24 - сауна, 2 - кальян бары, 15 - караоке клубы, 6 - лото клуб, 1 - букмекерлік кеңсе, 12 - түнгі клуб бар. Жалпы саны 3118 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Мониторингтік топтар тек кешкі және түнгі уақытта ғана емес, сонымен бірге күндізгі уақытта да жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мысалы, 19 сәуір күні Бостандық ауданының мониторингтік тобы мамандандырылған ХҚКО-да халықтың көп жиналып, топтасқанын тіркеді. Көптеген келушілердің бетпердені дұрыс тақпағаны анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды. Сонымен бірге, мониторинг топ мүшелері мамандандырылған ХҚКО-ның келушілерімен және әкімшілігімен кеңес өткізді.
 
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақырады. 20 сәуірдің өзінде Алматыда коронавирус жұқтырудың 667 жаңа жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, қала тұрғындары жұқтырып, сырқаттанушылар көбейсе де, санитар дәрігерлердің талаптарын ескермеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу