Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

942

Қаланың "жасыл аймаққа" өтуіне байланысты қаулы қабылданбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жеңілдету тәртібі туралы қаулы дайындалды. "Жасыл аймаққа" өткенен кейін 7 күн өткен соң, яғни 19 маусымнан бастап карантин талаптары жеңілдетіледі", – деді Жандарбек Бекшин. 

Еске сала кетсек, бұған дейін шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері қалада індет жұқтырғандар саны азайып, шаһар тұрғындарының 23%-ында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын мәлім еткен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу