Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 74 нысанның қызметі тоқтаталды

821

Мекемелер сағат 23:00-ден кейін де жұмыс істеген.  

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 74 нысанның қызметі тоқтаталды

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлім қызметкерлері жүргізген жұмыс барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.  

Оның бірі 100 адамға арналған Gastro Bar "ZTB".

"Мекеме 23.00-ден кейін де жұмыс істеген, сондай-ақ, мұнда келушілер, қорқор шеккен. Оларға қатысты жол патрульдік полиция қызметкерлері ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін де шаhарда бірқатар нысандардасанитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталған болатын. Осылайша мегаполисе жалпы саны 74 нысан қызметін тоқтатты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу