Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 74,7 млн теңгеге айыппұл салынды

771

Сот бірқатар кәсіпкерлік нысандардың қызметін тоқтатты.

Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 74,7 млн теңгеге айыппұл салынды

Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Соңғы екі аптада олар 1000-нан астам нысаннан заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлады әкімдік.

2020 жылдың 8 қазаны мен 19 желтоқсаны аралығында 590 іс-шара өткізілді. Бұл тексерістер барысында 4947 нысан қамтылып, оның 1065-і (21,5%) карантин тәртібін бұзғаны анықталды. 

"Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 74,7 млн теңгеге 890 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта ойын-сауық нысандары арасында карантин шараларын бұзушылардың анықталуына байланысты жеке тұлғалар қатысты қабылданған шаралар артуда. Мысалы, Алмалы ауданының "Cyber ZONE" компьютерлік клубында бетперде режимін бұзған 20 жеке тұлға анықталды", – деп жазылған хабарламада. 

Жұмыс нәтижелері бойынша әкімшілік сотқа 462-бабының 1-бөлігі "тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша" және 462-бабының 3-бөлігі орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамау бойынша 15 заңды тұлғаға қатысты істер берілді.

Естеріңізге сала кетейік, анықталған бұзушылық фактілері бойынша мекеме иелері ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілетін болады. Заң бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда заңды тұлғалар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарайды. Ал осы баптың санкциясы қызметті тоқтатуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу