Алматыда карантинді ескермей топ болып футбол ойнағандар жазаланды

798

Құқық бұзушылыққа жол берген мекеме басшылары да жауапқа тартылды.

Алматыда карантинді ескермей топ болып футбол ойнағандар жазаланды

Тәртіп сақшылары "Football Land" дәмханасына түнгі рейд жүргізіп, карантин талаптары сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

"Дәмхана басшылығы карантин талаптарын күшейтуге байланысты өзгерістерге қарамастан жауапсыздық танытып, көп адамның бір жерде жиналуына жол берген. Шағын футбол алаңында 20 адам ойын ойнаған, 50 шақты адам жазғы алаңда отырып футбол тамашалаған. Келушілердің барлығы бетперде тақпаған. Әлеуметтік қашықтық мүлде сақталмаған", – деді ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Қазіргі кезде құқық бұзушылар, оның ішінде мекеме қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, онда әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Еске сала кетсек, алып шаһар Алматыда мұндай тәртіп бұзушылықтар жиі орын алуда. Мәселен, полиция департаменті тек өткен демалыс күндері ғана шектеу шараларына құлақ аспаған 1400 адамға айыппұл салған болатын. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу