Жедел іс-шаралар барысында 29 жастағы К. есімді азамат ұсталды.
"Ол аталған мекемеге келушілерге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша іс жүргізу барысында күдікке іліккен. Күзетшілер мен бар басшылары келушілерді тынышталдыру үшін дубинкалар мен шыны ыдыстарды қолдануға шешім қабылдаған. Мекеме басшысынан 99 оқ-дәрі бар атыс қаруы, дубинка мен пышақ тәркіленді. Бұл жағдайда оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 бөлігі, ҚР ҚК-нің 287 бабы 1 бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сараланды. Ол ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.