Алматыда каратэден халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен жас спортшылар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Халықаралық турнир "Халық" қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақ спорт және туризм академиясының татамиіне 500-ден аса каратэші шықты. Оның ішінде ең жасы 5-те болса, жасы үлкені -17-де. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Моңғолиядан атлеттер келді. Жанкүйерлер мен қонақтар жекпе-жек өнерінің ерекшелігін тағы бір мәрте тамашалады. Қатысушылардың бірі 14 жастағы Әлібек Әбдірасыл. Бірінші сыныптан бері каратэмен айналысып келе жатқан ол осы жарыста қола жүлде алды.