Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр

330

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестіріліп жатыр Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Себебі, Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы аумақта Қарғалы өзеніндегі судың түсі өзгергені байқалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, көпірден өзенге жасыл түсті химиялық зат төгілген болуы ықтимал.

Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнын тексеріп шықты. Заттың құрамын анықтап, өзеннің қаншалықты ластанғанын білу үшін Экология департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су сынамасвн алып, зертханаға жіберді.

– 2025 жылы 5 тамыз күні Алматы қаласының Экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, Экология департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, бұл жағдайдың себебін және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізбек, – делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі таңда өзен арнасындағы су табиғи арнасымен ағып жатыр, ластану мен түсінің өзгеру белгілері жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу