Алматыда Қарғалы өзенінің жағалауы абаттандырылады

556

Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.   

Алматыда Қарғалы өзенінің жағалауы абаттандырылады Фото: Википедия

Қараша айына дейін аудандағы 3 жерасты жаяу жүргінші өткелі ағымдағы жөндеуден өтіп, жарықтандыру аспаптары толық боялып, жөнделеді.

"Қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көріктендіре отырып абаттандыру, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнату және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км болатын қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтаймыз", - деді қала басшысы.

Жасыл желектерді тиісінше күтіп-баптау мақсатында 3 учаскеде (Ақжар шағын ауданы мен Алатау даңғылындағы 2 сквер) осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км болатын автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстары аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу