Алматы полиция департаментінің хабарлауынша қарт ананы өзінің күтушісі ұрып, тонап кеткен.
"Мегаполисте отбасылардың бірі қарт анасына күтуші жалдаған. Бірнеше айдан кейін күтуші өзімен бірге тұрған қарияны ұрып-соға бастаған. Соңғы рет ол күш көсетіп қана қоймай әженің ұялы телефоны мен алқасын мойнынан жұлып алып кеткен. Бостандық ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 389 бабы бойынша сот алды тергеу амалдарын бастады", – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша қылмыстың ауырлық дәрежесі анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу