Алматыда қару алып жүрген күдікті ұсталды

638

Ер адам Әуезов ауданында қолға түсті.

Алматыда қару алып жүрген күдікті ұсталды Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы қаласының полициясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 28 қазанда 10-шағын ауданда кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Патрульдік полицияның "Буран-355" экипажы күдік тудырған ер адамды байқап, тексерген. Сол кезде ол өзімен бірге қару бар екенін айтқан.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат 9 мм калибрлі травматикалық қару болуы мүмкін.

Қазір қарудың шығу тегі мен сипаттамаларын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу