Алматыда қару дүкенін тонағандар Жамбылда қолға түсті

1448

Олардан 10 қару, 1 пневматикалық тапанша тәркіленген. 

Алматыда қару дүкенін тонағандар Жамбылда қолға түсті

Жамбыл облысында полицейлер Алматыдағы қару дүкенін тонағандарды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 7 қаңтарда Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тас жолындағы блок-бекетте полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірсіз жүрген Subaru Forester көлігін тоқтатты.

"Ұсталғандарды тінту барысында 12 калибрлі 10 қару, 1 пневматикалық тапанша және аң аулауға арналған жабдық табылды. Тергеу барысында 24 жастағы көлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенін тонауға қатысы бары анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде күдіктілер уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. 

"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 291-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Қордай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 100-ге жуық полиция қызметкері мен әскерилер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ауданда 2 блок-бекет қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу