Алматыда "Қару" іс-шарасы басталды

916

Оның мақсаты заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу.  

Алматыда "Қару" іс-шарасы басталды

Алматыда 7 ақпан күні “Қару” іс-шарасы басталды, деп жазды inbusiness.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды. 

“Қару” жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қаруларды заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді”, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. 

Сондай-ақ полиция іс-шара аясында азаматтық қару иелері, қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы мен қолданылуына тексерілетінін айтты. 

“Алматы полициясы қаруды қабылдау науқанын өткізіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға, оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар кейін олар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз”, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу