Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК Алматы департаментінің көмегімен Медеу ауданындағы бағбандық серіктестіктердің бірінің аумағынан қару жасырылған орынды тапты.
"Ол жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алмалы ауданындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған Сайга-410К тегіс ұңғылы карабин, ПМ травматикалық тапаншасы, 2 ИЖ тегіс ұңғылы мылтығы, Макаров жүйесі тапаншасының патрондары, 9 мм калибрлі, 12 калибрлі патрондар, сондай-ақ 7,62 калибрлі патрондар жасырылған. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
"Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады", – деп атап өтті ведомстводан.