Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандар ұсталды

1129

Ұрлықты қаладағы университеттердің бірінде оқитын 2 студент жасаған. Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандар ұсталды

Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Еділхан Байғараев күдіктілер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тұратынын атап өтті.

"Олар 20 жаста. Биыл 6 қаңтарға қараған түні күдіктілер қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Олар қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған. Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр", – деді полиция бөлімінің басшысы.

Ол ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу