Сауда үйлерінің бірінің тұрағында полиция "Lexus LX 470" және "Toyota Camry" көліктерін жауып тастады. 6 адам ұсталды, оның 4-уі бұрын сотталған.
"Олар, қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені - 33 жаста, кішісі - 25 жаста. Біреуі - Түркістан облысынан, қалғандары - Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көліктеріне жүргізілген жеке тінту кезінде 2 "Макаров", "Наган" және "Марголин" тапаншалары, тегіс ұңғылы 2 мылтық, "Стражник" травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Спикер, тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, тиесілігі, сондай-ақ, оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатындығын атап өтті.