Алматыда "қарумен" жанжал шығарған ер адам қамауға алынды

174

Әлеуметтік желіде жолда екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы тарады.

Алматыда "қарумен" жанжал шығарған ер адам қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Онда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болғаны байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция тексерісі барысында оның шын мәнінде қару емес, тапанша пішініндегі оттық екені анықталды.

Соған қарамастан, ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталып, әрекеті ұсақ бұзақылық деп бағаланды.

Ол соттың шешімімен 15 тәулікке қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу