Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды алдап кеткен

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды алдап кеткен Фото: polisia.kz

Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алаяқтықтың көп бөлігі қаржылық пирамидаларымен байланысты.

"Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында, бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі. Мысалы, Mudarabah Capital-ға қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды, "Оскар Медикал" бойынша 298 эпизод және "Qi Trade" 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді", – деді Арыстанғани Заппаров.

"Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған немесе шектелген. ПД-ның арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу