Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды

966

Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды

"MUDARABAH CAPITAL" компаниясының тағы екі қызметкері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

"Бұл компанияның негізін қалаушы 1988 жылы туған Ж. есімді азамат және басқарма төрағасы қызметін атқарған 1983 жылы дүниеге келген Р. есімді азамат. Олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс Алматы қалалық Полиция департаментінде бір топ азаматтардың "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ұжымдық арыз жазуларына байланысты тіркелген болатын (ҚР ҚК-нің 217 бабы).

"2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әрбір салымшыға салынған салым сомасының 20 пайызын ай сайын төлеуге міндетті болған. "ASTEX.KZ" ЖШС-на 162 салымшының екі миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания – "MUDARABAN CAPITAL" ЖШС арқылы түсіп отырған. Осы қылмысты жасағаны үшін барлығы сегіз күдікті әшкереленді. Олардың алтауы соттың санкциясымен қамауға алынып, біреуі іздеуде, тағы біреуі үйқамақта, – деді Рүстем Әбдірахманов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу