Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

628

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, құзырлы органның Арнайы прокурорлар қызметі "QI Trade Kazakhstan" (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

Бас офисі Алматыда орналасқан, өңірлерде 12 филиал жұмыс істеді.

"AMAZON" (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген. Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды. Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу