Алматыда қаржы пирамидасына қатысы бар күдіктілер ұсталды

798

Тұрғындарды 8 күдікті алдаған.  

Алматыда қаржы пирамидасына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Алматыда Mudarabah Capital компаниясының екі қызметкері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаметі басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, аталған компанияның негізін 1988 жылы туған Ж. есімді тұрғын қалаған.

"Сондай-ақ 1983 жылы дүниеге келген Р. есімді азамат компанияда басқарма төрағасы қызметін атқарған. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Рүстем Әбдірахманов.

Айта кетейік, қылмыстық іс тұрғындардың ASTEX.KZ ЖШС, ACD Technology ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ұжымдық арыз жазуларына байланысты тіркелген.

2019 жылғы ақпаннан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған компанияның басшылары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды. Екіжақ құжатқа сәйкес, әрбір салымшыға салынған салым сомасының 20%-ын ай сайын төлеуге міндетті болған.

ASTEX.KZ ЖШС-не 162 салымшының 2 млрд теңгеден аса қаражаты басқа компания Mudarabah Capital ЖШС арқылы түсіп отырған. Осы қылмысты жасаған 8 күдікті анықталды. Олардың алтауы соттың санкциясымен қамауға алынды, біреуі іздеуде, тағы біреуі үйқамақта.

Қылмыстық іс Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілерінің өндірісіне алынды.

Бүгінде тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу