Алматыда қаржы пирамидасының директорлары ұсталды

1083

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, "QI-Trade Kazakhstan" ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С. есімді азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. есімді азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.   

Алматыда қаржы пирамидасының директорлары ұсталды

"Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот "қамауға алу" түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С. есімді азаматқа халықаралық іздеу жарияланғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу