Алматыда қаржыгерлердің VII конгресі басталды

844

Алматыда қаржыгерлердің VII конгресі басталды

Бүгін, төл теңгеміздің 24 жылдығында Алматыда қаржыгерлердің VII конгресі басталды, деп хабарлайды khabar.kz.

"Конгрестің негізгі мақсаты – қаржы саласындағы кәсіпкерлерді, басшыларды және мемлекеттік органдарды жинап, осы төңіректегі мәселелер мен сұрақтарды талқылау, пікір алмасу. Бұл конгресс 11 жыл өткізілмеген. Содан бері біраз мәселе, сұрақ жиналып қалды", - дейді қаржыгер Асқар Елемесов.

Бүгінгі жиынды Қазақстанның Ұлттық банкі, қаржыгерлер қауымдастығы мен Қазақстан қор биржасы ұйымдастырып отыр. Басқосуға банк, сақтандыру, инвестициялық және брокерлік компаниялардың жетекшілері де қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу