Алматыда кәсіпкер қамауға алынды

70

Алматыда "Тендер биржасы" ЖШС басшысы Шыңғыс Құрманғалиев алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс аясында қамауға алынды.  

Алматыда кәсіпкер қамауға алынды Фото: instagram.com/chingis.kurmangaliyev

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

– Соттың шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу