Алматыда кәсіпкерді бопсалап, 390 мың доллар талап еткен тұрғын ұсталды

336

Күдікті кәсіпкерге өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, ақша талап еткен.

Алматыда кәсіпкерді бопсалап, 390 мың доллар талап еткен тұрғын ұсталды Фото: pexels

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын әшкереледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен.

Кәсіпкер алаяқтық әрекеттерге бой алдырмай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды.

Сондай-ақ, аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ долларытабылды.

Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сот күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелейтін жағдайлардың жалғасып жатқандығына назар аударады.

Мұндай жағдайларда Антикорға хабарласуды немесе ұқсас фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз", делінген Антикор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу