Алматыда кәсіпкерлердің тағы 39 өтінімі мақұлданды

894

Олардың бизнесіне қаңтар оқиғасы кезінде залал келтірілген.

Алматыда кәсіпкерлердің тағы 39 өтінімі мақұлданды

ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу жөніндегі аймақтық комиссияның 6 ақпандағы отырысында жалпы сомасы 85,7 млн теңгеге 39 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 8,4 млн теңге сомаға 5 өтінім бюджет қаражатынан, "Жаңа Алатау" қайырымдылық қоры қаржысынан 77,3 млн теңгеге 34 өтінім өтелді, деп жазды inbusiness.kz.

"Комиссияның жұмысы басталғаннан бері барлығы 456,1 млн теңге сомаға 260 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 157,1 млн теңгеге 108 өтінім, қор қаржысынан 299 млн теңгеге 152 өтінім. Бірінші кезекте, 5 млн теңгеге дейінгі төлем сомасымен микро және шағын бизнестен түскен өтінімдер жедел қаралуда", – деп жазылған әкімдік таратқан баспасөз хабарламасында.  

Аймақтық комиссия бизнеске келтірілген шығынды өтеу жөніндегі қолданыстағы тетікке түзетулер енгізуді жалғастыруда. Мәселен, егер бұрын комиссияның ұсынысы бойынша өтемақы жеке аудиторлар мен бағалаушылардың қызметтеріне арналған шығындарды қамтыса, енді сот сараптамасын жүргізу үшін бюджет қаржысы есебінен жеке адвокаттарға арналған шығындар да төленуі мүмкін.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу