Алматыда кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасаған шенеунік жауапқа тартылды

921

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы 12 кәсіпкердің жұмысына кедергі жасағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасаған шенеунік жауапқа тартылды

Басқарма сыртқы жарнама салығын төлемегені үшін 12 кәсіпкердің банк операцияларына шектеу қойған. Кейін мемлекеттік органның әрекеті негізсіз екені анықталды.

"Талдау барысында бизнес субъектілері сыртқы жарнаманы орналастырмағаны, ал салық күмәнді деректер негізінде есептелгені, мәліметтерді Алматы қаласы мемлекеттік жоспарлау және урбанизм басқармасы мемлекеттік кіріс органдарына жібергені анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мұндай жағдайда прокуратураға немесе кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөліміне баруды сұрайды.

"Сыртқы жарнаманы орналастыру кезінде қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасын хабардар ету керек. Мұны есте сақтаңыздар", – деді директор.

Алмалы ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша банк операцияларға қойылған шектеу алынып, аталған басқарманың кінәлі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу