Алматыда кәсіпкерлерге грант уәде еткен екі алаяқ ұсталды

515

Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алматыда кәсіпкерлерге грант уәде еткен екі алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Оңтүстік астанада екі алаяқ кәсіпкерлерге грант алып беруге уәде етіп, өз қызметтері үшін қомақты ақша алып отырған, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдіктілердің бірі 1989 жылы туған К. есімді азамат. Ол бейіндік бағдарлама бойынша мемлекеттен грант алуды ұсынған. Ал, 1993 жылы туған А. есімді азаматша мегаполис тұрғындарына мемлекеттік грант қана емес, жұмысқа орналастыру, жүргізуші куәлігін жасау секілді қызметтерді ұсынған.

Ақпаратта көрсетілгендей, екеуі де "қызметтері" үшін 5 млн теңге сұраған.

"Тергеу барысында ақшаны алғаннан кейін қаскүнемдердің ұялы телефондарын өшіріп, байланысқа шығуды тоқтатқаны анықталып отыр. Бүгінгі таңда К. есімді азаматтың алаяқтықтың 10 эпизодына қатыстылығы, ал А. есімді азаматшаның 25 алаяқтық дерегі дәлелденді", – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасы.

Ақпаратта көрсетілгендей, ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу