Алматыда дәмханаларға мангал мен тандыр пайдалануға шектеу қойылды

268

Мамандар кәсіпкерлік нысандарға экологиялық талаптарды күшейтті.

Алматыда дәмханаларға мангал мен тандыр пайдалануға шектеу қойылды      Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда "Алматы – таза ауа" акциясы аясында коммерциялық нысандарға экологиялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түрксіб ауданында жүргізілген тексеру кезінде кәсіпкерлерге отын жағу, мангал пайдалану және ауаны тазарту жүйелеріне қойылатын талаптар түсіндірілді.

"Eco Almaty" ЖШС мамандары дәмхана, кәуапхана, дүкен және басқа да коммерциялық нысандарды аралады.

Қолданыстағы санитариялық нормаларға сәйкес, тұрғын және басқа да ғимараттардың ішінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында көмір мен отын жағатын мангалдар мен тандырларды пайдалануға болмайды. Тамақ дайындау үшін газ немесе электр жабдықтарын, сондай-ақ түтінді тазарту жүйелерін қолдану қажет.

Сонымен қатар нысан иелеріне 2027 жылдың қаңтарынан бастап газдандырылған аудандарда күшіне енетін жаңа экологиялық шектеулер ескертілді. Кәсіпкерлерге талаптарға алдын ала дайындалып, табиғи газға көшу ұсынылды.

Тексеру барысында көріктендіру қағидаларын бұзған дәмханалардың біріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Алматыда осындай құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 1,2 млн теңге болатын 11 әкімшілік хаттама толтырылған. Экологиялық акция қаланың барлық ауданында жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу