Алматыда қаскүнем подъезде тұрған балалар арбаларын өртеп жіберген

794

Соғы 6 айда шаһарда мұндай 35 дерек тіркелген. 

Алматыда қаскүнем подъезде тұрған балалар арбаларын өртеп жіберген

Алматыда балалар арбаларының жаппай жану дерегі жиелеп кеттті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы ТЖ департаментіне сілтеме жасап. 

"2020 жылдың 6 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде (арбалар, велосипедтер және т.б.) 35 өрт тіркелген. Олар жанған кезде от кіреберіс есікті жауып, жанындағы заттарға таралуы мүмкін, бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді", - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар, бір күнде бірнеше өрт оқиғасы тіркелген. 
Олар: 
- 2020 жылғы 7 қарашада таңғы сағат 7:00-лен 10:00-не дейінгі уақытта  Бостандық ауданында № 2,14,28 "Қазақфильм" және №5, 33 "Алмагүл" шағын аудандарының көпқабатты үйлеріне өртсөндірушілер бірден  5 шақыртуға жұмылдырылды;

- 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7:00-ден бастап, 10:00-ге дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының "Көктем" шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді.

Ағымдағы жылы қаланың төрт ауданында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу)  тұрғын үйлердің бірінші қабаттардың кіреберістерінде -15 балалар арбаларының жану деректері тіркелді,  сондай ақ басқа да тұрмыстық заттар өртенген. 

"Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана қойылғаны анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласы Полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ алаңдарында, баспалдақтардың астында, сондай ақ эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін тұрмыстық заттарды (балалар арбалары, шаналар, велосипедтер, жиһаз) жинауға тыйым салынады. Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде балалар арбаларын, велосипедтерін, жиһаздарын және т. б. заттарды қалдырмауды сұрайды", - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу