Бұл туралы 24.kz телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысушылардың бірі оқиға кезінде түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Кейін жазба өшірілсе де, құқық қорғау органдары бейнематериалды зерттеп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басын анықтаған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтардың әрқайсысы заң аясында мұқият қаралатынын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық көріністерін тарату да құқықтық жауапкершілік мәселесін қарастыру кезінде ескерілетіні айтылды.
Жаза кеткен жөн, соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен күш көрсетуге қатысты оқиғалар қоғамда қызу талқыланып келеді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарын балалардың қауіпсіздігіне және олардың әлеуметтік желідегі мінез-құлқына ерекше көңіл бөлуге шақырып отыр.