Алматыда Оңтүстік-корей елінің технологиясымен жұмыс істейтін лаборатория ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа технологиямен жұмыс істейтін зертханада дертті адам ағзасынан дер кезінде табуға барлық мүмкіндік бар. Заманауи аппараттарды орнатудағы мақсат – сапалы диагностика жасап, пациенттердің уақытында ем алуына жағдай жасау.
"Бұл – онкологиялық ісік ауруларды ерте, ісік шықпай тұрғанда анықтайтын технология. Мысалы инфекция, 17 вирустың қайсысы екенін 95 пайыз дәл айтады. Суықтап қалған жағдайда, ішкі құрылыс ифекциясын да көрсетеді", – деді зертхана директоры Ғалымжан Тоғызбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу