Алматыда қатты жауын-шашын салдарынан көшелер мен аулаларды су басты

821

600-ден астам коммуналдық қызметкер арықтарды тазалауға кірісті. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда қатты жауын-шашын салдарынан көшелер мен аулаларды су басты

"15.00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласы ТЖД "112" желісі мен "109" құтқару қызметіне Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 234, Айтиев көшесі, 8-үй, 6-үй аулалары мен жертөлелерінің су басуы туралы 2 хабарлама келіп түсті. Орынға тиісті қызметтер жіберілді", – деп жазылған хабарламада.

Қазселденқорғау бақылау бекеттерінде тексеріс күшейтілді. Аудандық әкімдіктердің мердігерлік ұйымдары жағдайды бақылауда.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде шаһардың орталық көшелерін су басқаны туралы бейнежазбалар тарауда. Бұл ретте Алматы әкімдігі жаңбыр салдарын жоюға мобильді топтар жіберілгенін хабарлады. 

600-ден астам коммуналдық қызметкер арықтарды тазалап, жиналған суды бұрғылауда. Ауа райы болжамы бойынша, Алматыда алдағы үш күн жаңбыр жауады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу