Алматыда қатты жел салдарынан ағаштар сынып, 4 көлік зақымданды

1586

Жаяу жүргіншілер аймағы мен балалар алаңдарын да бұтақтар басып қалған. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда қатты жел салдарынан ағаштар сынып, 4 көлік зақымданды

Мегаполисте қатты соққан жел салдарынан ағаштар сынып, көліктерге құлаған. 

"112" желісіне сағат 12:30-дағы жағдайы бойынша 4 хабарлама келіп түсті. Алмалы ауданында – 2 жағдай, Алатау ауданында – 1 жағдай, Медеу ауданында орналасқан ғимараттың әрлеу бөлшектері  автокөлікке құлағаны  туралы – 1 хабарлама. Жылпы саны 4 автокөлікке зақым келді", – деп хабарлады ТЖД.

Сондай-ақ, 109-құтқару қызметіне жолдар, жаяу жүргіншілер аймағы мен балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама  келіп түскен. 

"109 қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Барлық өтінімдер кезек тәртібімен өңделетін болады", – деп хабарлады ТЖД.

Айта кететіні қатты жел туралы Алматы қаласы ТЖД Қазгидрометтің № 06 дауылды ескертуінің негізінде хабарланған болатын.

"Алматы қаласының тауларында 3 маусымнан 4 маусымға дейін аздаған өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада. 

Осыған байланысты жауын-шашын мен қатты жел кезінде тұрғындарға арналған ұсыныстар әзірленген. Олар:
- тұрғын үй терезелерін тығыз жабу;
- ағаштардың жанында тұрмаңыздар және олардың жанында көлік қоймаңыздар;
- мүмкіндігінше үйде болыңыз;
- электр желілерінен, ағаштардан және мықты орнатылмаған құрылымдардан алшақ болыңыздар.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу