Алматыда қатты желден ағаштар жұлынып кетіп жатыр

Қаланың орталық көшелерінде жарық сөніп қалды.

Алматыда қатты желден ағаштар жұлынып кетіп жатыр Фото: Алматы қаласы ТЖД

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, электр қуаты өшті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұл тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелді, соның нәтижесінде Алматының тұтынушылары электрден ажыратылды", делінген хабарламада.

Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"16:00 жағдай бойынша, "112" желісіне желдің күшеюіне байланысты (екпіні 15 м/с) тұрғындардан ағаштардың құлағаны туралы 6 хабарлама түсті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі, әкімдіктердің мердігерлік ұйымдар жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазгидромет 22 шілдеге 35 градус қатты ыстық және жоғары төтенше қауіп туралы дауылды ескерту берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу