Алматыда "Дәрі-дәрмектерді қауіпсіз кәдеге жарату" жобасының аралық қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ECO Network қорының "Эко-Хабында" өткен баспасөз мәслихатында жоба нәтижелері таныстырылды.
Жоба басталған алғашқы жылы қала тұрғындары қауіпсіз кәдеге жарату үшін 1 тоннадан астам мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрі-дәрмекті тапсырған.
Жоба 2025 жылғы маусымда Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен "Eco Almaty" ЖШС-нің қолдауымен іске қосылған. Бүгінде дәрі-дәрмек жинауға арналған арнайы жәшіктер қаланың 38 емханасына орнатылған.
Жиналған дәрі-дәрмектер жоғары температурада өңдеу әдісі арқылы жойылады, бұл олардың қоршаған ортаға кері әсерін болдырмайды.
Ұйымдастырушылар дәрі-дәрмектер қауіпті қалдықтарға жататынын еске салып, оларды тұрмыстық қоқысқа тастауға немесе кәріз жүйесіне төгуге болмайтынын ескертеді.