Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді

456

Аталған курс мемлекеттік қызметкерлерге, Алматы қаласының тұрғындарына, этникалық топ өкілдеріне, кәсіпорын қызметшілеріне арналған. 

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді Фото: gov.kz

Курсты Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыту тамыз және желтоқсан айлары аралығында аптасына 2 рет, онлайн және тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, офлайн түрде өтеді.

Аталған курс Алматы қаласы аудан әкімі аппаратының ғимараттары және Алматы қаласының аудандарындағы кітапханаларда өтеді.

Мемлекеттік тілді дамыту институтының байланыс нөмірлері 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу