Алматыда Қазақстан халқының денсаулығы туралы жаңа Кодекске қарсы митинг өтті

1057

Бейбіт митингке 200-ге жуық азамат қатысты.  

Алматыда Қазақстан халқының денсаулығы туралы жаңа Кодекске қарсы митинг өтті

Бүгін алматылық белсенділер денсаулық кодексіне және медицинадағы жемқорлыққа қарсы митингке шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Азаматтық қоғам өкілдерінің пікірінше, адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстанның конституциялық жүйесі негіздеріне сәйкес келмейді, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді және азаматтардың Ата заңмен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын бұзады. Шеруге шыққандар  арасында медициналық мекемелердің қызметкерлері, заңгерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. ОТВОД Наразылық акциясына шыққандардың пікірінше, кодекстің даулы жақтарына да назар аудару керек. Мәселен мәжбүрлі вакцинация, репродуктивті денсаулыққа құпия кеңес беру және балаларға қатысты психиатриядағы жаңа тәсілдер. Осы мәселелердің барлығы тасада қалмауы керек дейді белсенділер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу