Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтеді

152

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі онлайн және офлайн форматта өтеді. 

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтеді Фото: afk.kz

2025 жылғы 14 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конгрестің панельдік сессияларында қазақстандық қаржы институттары мен шетелдік орталық банктердің басшылары, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қазіргі сын-қатерлердің ақша-кредит саясатына, қаржы тұрақтылығына және институттарға деген сенімге ықпалы жөнінде пікір алмасады. Сондай- ақ қаржы нарығындағы жаңа цифрлық құралдардың дамуы мен цифрлық трансформация мәселелерін талқылайды. 

Конгресс күн тәртібінде сақтандыру нарығының жағдайы, оның өсу перспективалары мен халыққа сақтандыру өнімдерін барынша қолжетімді ету шаралары сияқты мәселелер қаралады. Бұдан бөлек, спикерлер цифрлық активтер мен токенизацияның капитал нарығының дамуына ықпалы, жаңа құралдарды реттеу және ашықтықты қамтамасыз ету тетіктерін саралайды. 

Конгресте тағы бір сессия қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғаудағы заманауи тәсілдерге арналады. Қорытынды панельдік пікірталас кәсіпкерлікті қолдаудағы қазіргі бағдарламалардың тиімділігі мен бизнесті дамытудың жаңа құралдарына арналады. 

Конгресс Бағдарламасымен Ұлттық Банктің сайтында танысуға болады. 

Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі онлайн және офлайн форматта өтеді. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастар ҚҰБ-тың – Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube ресми арнасында онлайн көрсетіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу