Алматыда Қазақстан мен Қытай суретшілерінің халықаралық көрмесі ашылды

228

Көрмеге екі ел суретшілерінің туындылары қойылды.

Алматыда Қазақстан мен Қытай суретшілерінің халықаралық көрмесі ашылды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде "Жібек жолының шексіз бұлттары. "Бір белдеу, бір жол": Алматы бекеті" атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаны музей ұжымы Шанхай өнер коллекциясы музейімен бірлесіп ұйымдастырған. Көрмеге қазақстандық және қытайлық суретшілердің екі елдің мәдени дәстүрлері мен заманауи бейнелеу өнерін қамтитын туындылары қойылды.

Қазақстандық топтамадан Әбілхан Қастеев атындағы музей қорында сақталған заманауи суретшілердің еңбектерін көруге болады. Ал Қытай суретшілерінің туындылары дәстүрлі кескіндеме, көне қабырға суреттерінің нақыштары және заманауи көркемдік әдістерімен ерекшеленеді.

Айта кетейік, халықаралық жоба бұған дейін 2024 жылы Тегеранда, 2025 жылы Ташкентте таныстырылған. Алматы көрмені қабылдаған үшінші қала болды.

Көрменің Қазақстанда өтуінің символдық мәні бар. Себебі "Жібек жолының экономикалық белдеуін" құру бастамасы алғаш рет 2013 жылы Қазақстанда көтерілген еді.

Жоба екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып, музейлердің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Көрме 2026 жылғы 18 қарашаға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу