Алматыда қазақстандық бизнесмен Ертаевқа қатысты сот басталды

1120

Тергеу барысында қолданылған шаралар бойынша  15 млрд теңге қайтарылды және 48 млдр теңгенің мүлкі тәркіленді.    

Алматыда қазақстандық бизнесмен Ертаевқа қатысты сот басталды

Бейсенбі күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты  миллиардтаған банк қаражатын ұрлады деген күдік тағылған  "BANK RBK" АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевқа қатысты негізгі сот ісін бастады.

Айыптаушылардың көптігіне байланысты сот  Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында өтіп жатыр, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" сот залынан.

Сот отырысына судья Роман Селицкий төрағалық етуде.

Ертаев 2011-2017 жылдары "BANK RBK" АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып және басқа адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 млрд теңгені жымқырды деген күдікке алынып 2018 жылғы наурызда халықаралық іздеу жарияланған болатын.   

Бір жылдан кейін, 2019 жылдың наурызында ол Ресейде ұсталып, Қазақстанға қайтарылды.

Ертаевпен бірге 54 адамға банк қаражатын жымқырды деген күдік тағылды, Олардың ішінде 40-тан астамы топ-менеджерлер мен банктің қарапайым қызметкерлері.

Тергеу барысында қолданылған шаралар бойынша  15 млрд теңге қайтарылды және 48 млдр теңгенің мүлкі тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу