Алматыда "Қазақстандықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

3391

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп "Қазақстандықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) жетекшілерін ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.  

Алматыда "Қазақстандықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын "Қазақстандықтар" ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді.

Топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып тартып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар.

Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ ү.ж. қаңтарда мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, "ПР" дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді.

Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар "көмбелерді" көрсетуге ойысты.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі "көмбе" анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды.

Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу