Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жиында қаланы полиорталық қағидаты бойынша дамыту аясындағы жобаларды іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін уақытылы сатып алу мәселесі қаралды.
Атап айтқанда, жол салу және қайта жаңғырту, жаңа метро бекеттері мен инженерлік желілерді, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктерді салуға қажетті жер учаскелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды басым жобалар үшін жер учаскелерін сатып алу рәсімдерін белгіленген мерзімде аяқтауды және жұмыстардың құрылыс кестесіне сәйкес орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.