Алматыда "ҚазТАГ" агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

94

 Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда "ҚазТАГ" агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды Фото: sona.kz

Аталған жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе, кеше түнде Алматы қаласы Медеу ауданында ер адамдар арасында "бұзақылыққа ұласқан" жанжал болғанын растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысы бар азаматтар М. мен Р. алкогольге мас күйде ойын-сауық мекемесінен шыққаннан кейін жанжалдасып қалған, оның соңы төбелеске ұласқан.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бардың бәрін ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Әрқайсысының әрекеті заңдық тұрғыда бағаланады. Ал полицияның принципке сай ұстанымы – кез келген агрессия мен қоғамдық тәртіпсіздікті, әсіресе мас күйде жасалған әрекеттерді қатаң тоқтату", – деді департамент өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу