Алматыда "ҚазТемірТранс" филиалының директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

140

"Қазтеміртранс" қазір құзыретті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын растады.

Алматыда "ҚазТемірТранс" филиалының директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді Фото: kyrtag.kg

Компания уәкілетті органдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, қолда бар мәліметтерге сәйкес, филиал нысандарын күзету бойынша мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жетуге көмектескені үшін ірі көлемде заңсыз сыйақы алды деген ақпарат күмән тудырады. Өйткені қазіргі уақытта "Қазтеміртранс" АҚ мен күзет ұйымдары арасында аталған қызметтерді көрсетуге қатысты шарттар жасасу рәсімдерінің барлығы аяқталған. (Анықтама үшін: күзет қызметтеріне арналған "Қазтеміртранс" АҚ-ның жалпы бюджеті шамамен 200 млн теңгені құрайды. Алматы филиалы бойынша биыл өндірістік базаларды күзетуге 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл сома осы бағыттағы "қамқорлығы" үшін берілді деп тараған пара көлемінен бірнеше есе аз). Қалған мән-жайлар тергеу барысында анықталады.

"Қазтеміртранс" АҚ заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын ұстанады. Егер заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда, заңда көзделген барлық шара қабылданатын болады.

Компания істің барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты тергеуге мүдделі және заңнамада белгіленген тәртіппен ақиқаттың анықталуына сенім білдіреді.

"Қазтеміртранс" АҚ штаттық режимде жұмыс істеп, өндірістік міндеттерін орындауды және серіктестер мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 

Тергеу нәтижелері туралы жұртшылыққа белгіленген тәртіппен қосымша ақпарат берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу