Алматыда 18 қазанға қараған түні Рыскулов, 99 мекенжайында өрт болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Элетртехникаларын шығарумен айналысатын "Қазтрансформатор" ЖШС-ның ғимараты өртке оранды. Қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың мәліметінше, Жетісу ауданы, Рысқұлов 99 мекенжайында өрт шыққаны туралы шақырту "101" пультіне түнгі 3:00-де түскен. 3 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілерге сондықтан "Алматы Тазалық" коммуналдық қызметінің су таситын көлігі үздіксіз су жеткізіп тұрды, себебі ең қашықта орналасқан гидрант 1,5 шақырымда еді.
"Өрт таңғы 06.17-де толық сөндірілді. 3500 шаршы метр аумақты жалын шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 120 адам жұмылып, 36 техника тартылды", - деді Баймұхамбетова.