21 қыркүйек сағат 12:14-те Алматы қаласы Алатау ауданы, Солтүстік айналма жолында орналасқан "Қазына" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Келген сәтте ауданы 120 шаршы метр материалдық құндылықтары бар бірнеше екі қабатты контейнерлердің жануы анықталды. Өрттің жақын маңында орналасқан контейнерлерге таралу қауіпі туындады. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында Жедел штаб, 2 жауынгерлік учаске құрылды. Жеке құрамнан 40-тан астам адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Жол полициясы күшімен жол қоршалды", – деп жазылған ТЖД баспасөз қызметі.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 18 минутта өрт оқшауланды. Сағат 12:38-де контейнерлерге өрттің таралу қаупі жойылды.
Құралай Құдайберген