Прокуратура ірі бизнеске қатысты заңсыз тауар тексерулердің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тексерулер инспекциялық-қарау кешендерінің істен шығуына байланысты қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекел профильдері негізінде жүргізілген. Бұл бизнес үшін қосымша қаржылық шығындарға әкеледі. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибе тоқтатылды, ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – делінген таратылған ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу