Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлады. Оның сөзінше биыл шаһардағы 157 көшеге жарық жүргізілмек. Ал келесі жылы аталған жұмыстардың барлығы аяқталады.
"Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы көшелер мен аулалардағы жарық жүйесінің деңгейіне байланысты. Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл пандемия мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз. Бүгінде көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі — 71%. Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
Құралай Құдайберген